"Эйр Астана" АҚ және China Southern Airlines стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды
/KASE, 02.11.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Алматы, Қазақстан – "Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы мен China Southern Airlines, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын нығайтуға, саяхат мүмкіндіктерін кеңейтуге және жолаушыларға ыңғайлықты арттыруға бағытталған стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл қолданыстағы код-шерингтік ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі болатын және коммерциялық байланыстарды одан әрі тереңдетуге негіз болатын екі елдің әуе компаниялары арасындағы алғашқы стратегиялық әріптестік.
Келісім шеңберінде әуе компаниялары рейстер кестесін үйлестіреді, код- шерингтік қызметтерді кеңейтеді және бірлескен маркетингтік бастамаларды іске асырады. Өз желілері мен коммерциялық үлгілерді жақындастырудың арқасында осы әріптестік тасымалдың біркелкі жағдайларын, неғұрлым ыңғайлы түйісулерді және Қазақстан, Қытай және одан тыс жерлердегі межелі пункттерге неғұрлым кең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, екі әуе компаниясының рейстерімен саяхаттауды жеңілдетуге бағытталған.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-11-02]