KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:28
KZ
RU
EN
Кіру
15.10.2026 10:52 #Сауда-саттық ақпараты

16 қазан күні Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ 100  KZ2C00020709 облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарланды

/KASE, 15.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 16 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00020709 облигацияларын орналастыру бойынша төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілу жоспарланғанын хабарлайды.

Мамандандырылған сауда-саттық аталған облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген жағдайда өткізілетін болады

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар
ISIN:                                     KZ2C00020709
KASE сауда-саттық коды:                   кейінірек беріледі
Номиналды құны, теңге:                    1 000
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген:                              5 000 000
– орналастырылған:                        –
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан
                                          сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады
Өтінім беру мерзімі:                      180 күн
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан
                                          сауда-саттықтың нәтижелері
                                          бойынша анықталады
Купондарды төлеу мерзімділігі:            айына 1 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады
Уақыттық база:                            30 / 360
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        16.10.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   100 000
Лот мөлшері, дана.:                       1
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                       жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              09:30–11:00
Өтінімдерді растау уақыты:                09:30–11:30
Кесімдеу уақыты:                          12:30 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                    16.10.26, 12:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең
                                          немесе одан жоғары өтінімдер
                                          кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Tencor Securities" АҚ
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2026-10-15]