12 қазаннан бастап Азия даму банкінің XS3528404323 (ASDBe28) әлеуметтік халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді
/KASE, 12.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 01 қазанындағы шешімімен Азия Даму Банкінің шығаруға жоспарланған XS3528404323 (ASDBe28; 20,0 млрд KZT; 15.10.26 – 18.11.31; жартыжылдық купон, жылдық 14,20%; 30/360) әлеуметтік халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді.
Аталған облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "TENCOR Securities" АҚ болып табылады.
Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 12 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтемелер бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-12]