KZ
RU
EN
7 қазан 2026, 00:36
KZ
RU
EN
Кіру
06.10.2026 16:13 #Сауда-саттық ақпараты

09 қазан күні Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3528404323 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

/KASE, 06.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 09 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкінің XS3528404323 халықаралық облигацияларына төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Аталған облигацияларға жазылуды жүргізудің бастамашысы "Tencor Securities" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болып табылады.

----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                     халықаралық облигациялары
ISIN:                                        XS3528404323
-------------------------------------------- -------------------------
Жазылым күні:                                09.10.26
Орналастырылатын облигациялар саны, KZT:     20 000 000 000
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 10:00–12:00
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            09.10.26, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 15.10.26, 10:00
----------------------------------------------------------------------

Облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала және жазылымды жүргізу бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуі тиіс.

Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде KZT-мен номиналды көлемі көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің минималды көлемі 1 000 KZT құрайды.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-06]