29 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында BI Development Ltd. жеке компаниясының 70 000 KZ2D00019957 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда
/KASE, 25.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2026 жылдың 29 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде биржасында BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00019957 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталған облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген жағдайда өткізілетін болады.
--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2D00019957
KASE сауда-саттық коды: кейінірек беріледі
Номиналды құны, теңге: 100,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 15 000 000
– орналастырылған: –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Айналым мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купонная ставка: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықтың нәтижелері
бойынша анықталады
Периодичность выплаты купонов: жылына 2 рет
Даты начала выплаты купонов: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні: 29.09.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 7 000 000
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–15:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:00–15:30
Кесімдеу уақыты: 16:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 29.09.26, 16:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Halyk Finance" АҚ
--------------------------------------------------------------------------
Облигациялардың бірлескен андеррайтерлері – "Halyk Finance " АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ және" Alatau City Invest" АҚ.
Баға ретінде өтінімде облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен белгіленген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен белгіленген облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ.
[2026-09-25]