15 қыркүйектен бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының төрт шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 16.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 15 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:
1) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004125 (KOK022_412; 1 000 KZT, 2 391 190 000 KZT; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360);
2) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004166 (KOK046_416; 1 000 KZT, 193 510 000 KZT; 46 ай; жарты жылдық купон, жылдық 16,55%; 30/360);
3) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004174 (ZKK084_417; 1 000 KZT, 6 871 383 000 KZT; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 12,81%; 30/360);
4) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004182 (ZKK120_418; 1 000 KZT, 2 290 460 000 KZT; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 12,81%; 30/360).
Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру, сондай-ақ сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу) мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-09-16]