14 қыркүйекте KASE-де "BI Property" ЖШС-ның KZ2P00019342 (BIPGb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 10.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 14 қыркүйекте KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "BI Property" АҚ-тың KZ2P00019342 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIPGb1) облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізудің бастамашысы – "Tencor Securities" АҚ (бұдан әрі – Сатушы).
--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00019342
KASE сауда-саттық коды: BIPGb1
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 1 500 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): –
Айналыс басталған күн: облигацияларды орналастыру бойынша
бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек анықталады
Өтеу басталатын күн: кейінірек анықталады
Айналыс мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купондық мөлшерлеме: облигацияларды орналастыру бойынша
бірінші аяқталған сауда-саттық өткізу
қорытындысы бойынша анықталады
Купон төленетін кезең: жылына 4 рет
Купон төлеу басталатын күн: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------- ----------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 14.09.26
Орналастырудың номиналды көлемі, KZT: 1 500 000 000
Сатып алуға берілген өтінім түрі: лимиттелген
Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–13:00
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 14.09.26, 14:00
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 14.09.26, 14:00
--------------------------------------------------------------------------------
Осы жазылым жүргізу шарттарына сәйкес, аталған облигацияларды сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне төмендегі кіреді:
1) жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
3) жеке адамның азаматтығы немесе заңды тұлға ретінде тіркеу жүргізілген мемлекет;
4) жеке адамның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган);
5) жеке адамның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы;
6) бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрамайтын және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың есепке алу жүйесінде бар өзге ақпарат.
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Мәміле жасау ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Осы облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-09-10]