KZ
RU
EN
11 қыркүйек 2026, 17:26
KZ
RU
EN
Кіру
10.09.2026 15:09 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен – Атырау – Самара" мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау тиімділігін арттырды

/KASE, 10.09.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"Өзен – Атырау – Самара" мұнай құбыры – еліміздің батыс өңіріндегі кен орындарынан мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ одан әрі әлемдік нарықтарға шығатын экспорттық бағыттарда жеткізуді қамтамасыз ететін Қазақстанның негізгі магистральдық мұнай құбырларының бірі.

Трансшекаралық магистральдық мұнай құбыры 1978 жылы пайдалануға берілді. Оның қазақстандық учаскесінің ұзындығы – Маңғыстау облысындағы "Өзен" бас мұнай айдау станциясынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы мұнайды тапсыру-қабылдау пунктіне дейін 1238 км.

Мұнай құбырының бірегейлігі оның "ыстық" айдау режимінде пайдаланылуында. Тасымалданатын мұнайды тұрақты түрде жылыту қажеттілігі оның ерекше реологиялық қасиеттеріне байланысты. Мәселен, Маңғышлақ мұнайы құрамындағы күкірттің төмен болуымен сипатталады, алайда оның аққыштығын жоғалту температурасы жоғары – +30 °C-қа дейін, ал Бозашы мұнайы жоғары тұтқырлығымен және −21 °C-қа дейінгі аққыштығын жоғалту температурасымен ерекшеленеді. Мұнай құбырының бүкіл ұзындығы бойынша қажетті температуралық режимді сақтау сенімді әрі тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

2021 жылдан 2026 жылға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ келіп түсетін шикізаттың физикалық-химиялық және реологиялық қасиеттерін ескере отырып, "Жетібай – Өзен – Атырау" учаскесінде жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізді. Іске асырылған тәсіл Атырау мұнай өңдеу зауытына одан әрі тасымалдау үшін де, Самара бағытындағы экспорттық маршрут бойынша тасымалдау үшін де оңтайлы сипаттамалары бар мұнай қоспаларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2026-09-10]