10 қыркүйекте KASE-де Азия даму банкінің XS3493437548 халықаралық облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 09.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 10 қыркүйекте KASE-нің сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкінің XS3493437548 халықаралық облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Tencor Securities" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады.
----------------------------------------------------------------- Бағалы қағаз түрі: халықаралық облигациялар ISIN: XS3493437548 --------------------------------------- ------------------------- Жазылу жүргізілетін күн: 10.09.26 Орналастырудың номиналды көлемі, KZT: 18 800 000 000 Сатып алуға берілген өтінім түрі: Лимиттелген және нарықтық Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–12:00 Мәміле жасалған күн мен уақыт: 10.09.26, 15:00 Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 16.09.26, 10:00 -----------------------------------------------------------------
Облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала болып табылады және аталған жазылудың бастамашысының хабарламасына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Өтінімдегі баға ретінде жылдық пайызбен көрсетілген купон мөлшерлемесінің мәні үтірден кейінгі екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуге тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде теңгемен көрсетілген номиналды көлем көрсетілуге тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің ең аз көлемі – 1 000 KZT.
Осы жазылу жүргізудің талаптарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына жария етілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді:
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-09-09]