KZ
RU
EN
1 қыркүйек 2026, 09:46
KZ
RU
EN
Кіру
31.08.2026 18:08 #Сауда-саттық ақпараты

04 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында "ЛОТТЕ Рахат" АҚ 6 500 KZ000A1CTMZ4 (RAHT) жай акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 31.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 04 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде "ЛОТТЕ Рахат" АҚ KZ000A1CTMZ4 (KASE негізгі алаңы, "акциялар" санаты, RAHT) жай акцияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  жай акциялар
ISIN:                                     KZ000A1CTMZ4
KASE сауда-саттық коды:                   RAHT
Акциялардың жалпы саны, дана:
– тіркелген:                              3 600 000
– орналастырылған:                        3 600 000
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        04.09.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 6 500
Лот мөлшері, дана.:                       1
Сауда-саттық заты:                        акцияның бағасы
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                       жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:30–13:00
Өтінімдерді растау уақыты:                10:30–13:00
Кесімдеу уақыты:                          15:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                    04.09.26, 15:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең
                                          немесе одан жоғары өтінімдер
                                          кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Сентрас Секьюритиз"АҚ
---------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде KZT көрсетілген бір акцияның құны үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде лот мөлшеріне тең немесе еселенген акциялар саны көрсетілуі тиіс.

Өтінім көлемі өтінімде көрсетілген акциялар санының және өтінім бағасының үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен KZT көрсетілген көбейтіндісіне тең.

Мәміле көлемі өтінімде көрсетілген акциялар санының және өтінім бағасының KZT көрсетілген үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен көбейтіндісіне тең.

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Мәмілелер жасасу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-08-31]