KZ
RU
EN
2 қыркүйек 2026, 15:28
KZ
RU
EN
Кіру
27.08.2026 09:43 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының бес шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 27.08.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004026 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, JTK046_402; 1 000 KZT, 3 631 926 000 KZT; 46 ай; жарты жылдық купон, жылдық 17,27 %; 30/360) 3 631 926 данасы;

2) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004067 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MGK022_406; 1 000 KZT, 2 500 000 000 KZT; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360) 2 500 000 данасы;

3) Ұлытау қаласының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004091 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UTK046_409; 1 000 KZT, 423 658 000 KZT; 46 ай; жарты жылдық купон, жылдық 17,27%; 30/360) 423 658 данасы;

4) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000259 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SHK046_025; 1 000 KZT, 24 469 656 000 KZT; 46 ай; жарты жылдық купон, жылдық 16,15%; 30/360) 2 000 000 данасы;

5) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000267 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SHK046_026; 1 000 KZT, 216 771 000 KZT; 46 ай; жарты жылдық купон, жылдық 17,27%; 30/360) 216 771 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ securities

[2026-08-27]