20 тамыздан бастап Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы облигацияларының төрт шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 20.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 20 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының мынадай облигациялары енгізілді:
1) KZMJ00003994 (ABK084_399; 1 000 KZT, 3 094 868 000 KZT; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %;30/360);
2) KZMJ00004000 (ABK120_400; 1 000 KZT, 1 031 620 000 KZT; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %;30/360);
3) KZMJ00004034 (ABK084_403; 1 000 KZT, 1 821 712 000 KZT; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %;30/360);
4) KZMJ00004042 (ABK120_404; 1 000 KZT, 607 236 000 KZT; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %;30/360).
Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-20]