20 тамыз күні Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі 30,0 млн KZ2D00018496 (EABRb63) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда
/KASE, 18.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2026 жылдың 20 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде биржасында Еуразиялық даму банкі KZ2D00018496 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb63) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: дисконттық облигациялар
ISIN: KZ2D00018496
KASE сауда-саттық коды: EABRb63
Номиналды құны, KZT: 1 000
Шығарылым көлемі, KZT:
– тіркелген: 50 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Айналым мерзімі: 90 күн
Уақыттық база: 30 / 360
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 20.08.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 30 000 000 000
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: дисконтталған купон
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00
Кесімдеу уақыты: 12:30 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 20.08.26, 12:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді кесімдеу бағасына тең немесе
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
табылаьтын шектелімді қарсылама
өтінімдердің бағалары бойынша
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: Еуразиялық даму банкі
---------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен белгіленген облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-08-18]