12 тамыздан бастап Азия даму банкінің XS3459893312 (ASDBe25) және XS3459894047 (ASDBe26) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді
/KASE, 12.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 06 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Азия даму банкінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:
1) XS3459893312 (ASDBe25; 1 000 KZT; 15,0 млрд KZT; 3 жыл 7 ай; жарты жылдық купон, жылдық 14,90%; 30/360);
2) әлеуметтік XS3459894047 (ASDBe26; 1 000 KZT; 9,0 млрд KZT; 4 жыл 9 ай; жарты жылдық купон, жылдық 14,55%; 30/360).
Көрсетілген облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтемелер бойынша жарияланды толығырақ және толығырақ
[2026-08-12]