KZ
RU
EN
29 шілде 2026, 16:52
KZ
RU
EN
Кіру
29.07.2026 16:01 #Сауда-саттық ақпараты

31 шілдеде KASE-де "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың 55,5 млн дана KZ2C00019248 облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 29.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 31 шілдеде KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-тың KZ2C00019248 облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін (Астана қ. уақытымен) хабарлайды.

Мамандандырылған сауда-саттық тек осы көрсетілген облигациялар KASE- нің ресми тізіміне енгізілген жағдайда жүргізіледі.

----------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                          купондық облигациялар           
ISIN:                                       KZ2C00019248                    
KASE сауда-саттық коды:                     кейінірек беріледі              
Номиналды құны, KZT:                        1 000,00                        
Шығарылым көлемі, KZT:                                                      
- тіркелген:                                55 500 000 000                  
- орналастырылған:                          –                               
Айналыс басталған күн:                      облигацияларды орналастыру      
                                            бойынша бірінші аяқталған       
                                            аукцион өткізілген күн          
Айналыста болатын соңғы күн:                кейінірек анықталады            
Өтеу басталатын күн:                        кейінірек анықталады            
Айналыс мерзімі:                            15 жыл (5 400 күн)              
Купондық мөлшерлеме:                        құбылмалы (TONIA Compounded     
                                            Index + бекітілген купон)       
Купон төленетін кезең:                      жылына 2 рет                    
Купон төлеу басталатын күн:                 кейінірек анықталады            
Уақыттық базасы:                            30 / 360                        
------------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:               31.07.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:     55 500 000 000                  
Лот мөлшері, дана:                          1                               
Сауда-саттық мәні:                          бекітілген купонның мөлшерлемесі
Сатып алуға берілген өтінім түрі:           лимиттелген                     
Өтінім беру тәсілі:                         жабық                           
Өтінім қабылданатын уақыт:                  10:00–12:00                     
Өтінім расталатын уақыт:                    10:00–12:30                     
Кесім уақыты:                               13:00 (Т+0)                     
Төлем жасалатын күн және уақыт:             31.07.26, 13:00                 
Өтінімдерді кесу әдісі:                     бағалары кесім бағасына тең     
                                            немесе одан төмен өтінімдер     
                                            кеcіп алып тасталады            
Өтінімдердің бағасына айланысты лимиттелген бір баға бойынша бөліп жіктеу;  
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                          
Берілген кезегіне байланысты шектелімді     қарсы өтінімдерді қабылдау      
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:          уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:       "Halyk Finance" АҚ              
----------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде облигацияның номиналды құнының пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен белгіленген тіркелген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуге тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең немесе оған есе болуы керек.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

Мәміле көлемі толығырақ сілтемесінде жарияланған Облигациялардың кірістілігі мен облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-саттық жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-07-29]