KZ
RU
EN
23 шілде 2026, 08:31
KZ
RU
EN
Кіру
22.07.2026 09:25 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС 1,0 млн KZ2P00017932 (MFMCb3) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

/KASE, 22.07.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС шығарған облигацияларды KZ2P00017932 KASE-нің негізгі нарығы, "облигациялар" санаты, тикері MFMCb3) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық төменде көрсетілген талаптар мен шарттарға сәйкес (Астана уақытымен) өтетінін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар            
ISIN:                                     KZ2P00017932                     
KASE сауда-саттық коды:                   MFMCb3                           
Номиналды құны, KZT:                      1 000,00                         
Шығарылым көлемі, KZT:                                                     
– тіркелген:                              10 000 000 000                   
– орналастырылған:                        5 421 494 000                    
Айналымның басталу күні:                  20.05.26                         
Айналымның соңғы күні:                    19.05.28                         
Өтеудің басталу күні:                     20.05.28                         
Өтінім беру мерзімі:                      2 жыл (720 күн)                  
Купон мөлшерлемесі:                       жылдық 21,00 %                   
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 4 рет                     
Купондарды төлеудің басталу күндері:      жыл сайын 20 ақпанда, 20 мамырда,
                                          20 тамызда және 20 қарашада      
Уақыттық база:                            30 / 360                         
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        22.07.26                         
Өтеуге дейін мерзімі:                     1,8 жыл (658 күн)                
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   1 000 000 000                    
Лот мөлшері, дана.:                       1                                
Сауда-саттық заты:                        "таза" баға                      
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–15:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–15:00                      
Кесімдеу уақыты:                          16:00 (Т+0)                      
Төлем күні мен уақыты:                    22.07.26, 16:00                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                          немесе одан жоғары өтінімдер     
                                          кесімделеді                      
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша 
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                         
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау   
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Halyk Finance" АҚ               
---------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен белгіленген облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-22]