KZ
RU
EN
24 шілде 2026, 03:46
KZ
RU
EN
Кіру
17.07.2026 09:42 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС 5,0 млн KZ2P00018773 (MFTFb7) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

/KASE, 15.07.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде биржасында "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018773 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Мамандандырылған сауда саттық аталған облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген жағдайда өткізілетін болады

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2P00018773                    
KASE сауда-саттық коды:                   MFTFb7                          
Номиналды құны, теңге:                    1 000,00                        
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
– тіркелген:                              5 000 000 000                   
– орналастырылған:                        –                               
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Өтінім беру мерзімі:                      48 ай (1 440 күн)               
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықтың нәтижелері      
                                          бойынша анықталады              
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 2 рет                    
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады            
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        17.07.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 5 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:30                     
Кесімдеу уақыты:                          14:30 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    17.07.26, 14:30                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Halyk Finance" АҚ              
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-17]