KZ
RU
EN
7 шілде 2026, 17:59
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2026 15:05 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының Қазақстанның өңдеуші салаларының маусым айындағы PMI шолуын жариялады

/KASE, 01.07.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың маусымында Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірлері келтірілген:

"Маусым айының деректері Қазақстанның өңдеуші салаларында бизнес жүргізу жағдайларының одан әрі қатаюын көрсетеді. Соңғы айлардағы сектор динамикасы кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың қолжетімділігіне жоғары тәуелділігін барған сайын айқындай түсуде, дегенмен өндірістік белсенділікті тежейтін басқа да факторлар сақталуда. Осындай жағдайда өндірушілер айналым капиталын басқару мен өндірісті жоспарлауға барынша консервативті тәсіл қолдануға мәжбүр. Іскерлік күтулердің жыл басынан бергі ең төменгі деңгейге дейін төмендегеніне қарамастан оң аймақта сақталуы өнеркәсіп өкілдерінің алдағы 12 ай ішінде бизнес жүргізу жағдайларының жақсаруына деген үмітін жоғалтпағанын көрсетуі мүмкін. Бизнесті қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту сақталып отырған белгісіздік пен өңірлік әрі жаһандық нарықтардағы жоғары құбылмалылық жағдайында нарық қатысушыларын қолдайтын факторлардың бірі бола алар еді".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-07-01]