KZ
RU
EN
27 маусым 2026, 12:18
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.06.2026 15:11 #Сауда-саттық ақпараты

01 шілдеде күні Қазақстан қор биржасында "АК Алтыналмас" АҚ KZ2C00012953 (ALMSb1) облигацияларын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 26.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 01 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "АК Алтыналмас" АҚ KZ2C00012953 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALMSb1) облигацияларын кері сатып алу бойынша мамандандырылған сауда- саттықтар төменде келтірілген шарттар бойынша (Астана қ. уақытымен) өткізілетіні туралы хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2C00012953                    
KASE сауда-саттық коды:                   ALMSb1                          
Номиналды құны, теңге:                    100,00                          
Шығару көлемі, теңге:                                                     
– тіркелген:                              100 000 000                     
– орналастырылған:                        100 000 000                     
Айналымның басталу күні:                  26.12.24                        
Айналымның соңғы күні:                    25.12.27                        
Өтеудің басталу күні:                     26.12.27                        
Өтінім беру мерзімі:                      3 жыл (1 080 күн)               
Купон мөлшерлемесі:                       жылдық 8,00 %                   
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 4 рет                    
Купондарды төлеудің басталу күндері:      жыл сайын 26 наурызда,          
                                          26 маусымда, 26 қыркүйекте      
                                          және 26 желтоқсанда             
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        23.06.26                        
Өтеуге дейін мерзімі:                     1,5 жыл (535 күн)               
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 29 471 300                      
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        "таза" баға                     
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:00                     
Кесімдеу уақыты:                          13:00 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    01.07.26, 13:00                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "SkyBridge Invest" АҚ           
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-06-26]