Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17 маусымнан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00018435 (FPSTb11) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 16.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 маусымынан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00018435 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb11; $100, $2,0 млн; 10.06.26 – 10.06.27; тоқсандық купон, жылдық 10,50%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-06-16]