Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "BASS Gold" ЖШС KZ2P00018435 (FPSTb11) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 09.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 маусымынан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00018435 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb11; $100, $2,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 10,50%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-06-09]