26 мамырда Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3389795926 халықаралық облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 22.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкінің XS3389795926 халықаралық облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: халықаралық облигациялар ISIN: XS3389795926 ------------------------------------ ------------------------ Жазылу күні: 26.05.26 Орналастырудың номиналды көлемі, 20 000 000 000 теңге: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді және нарықтық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 26.05.26, 15:00 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 02.06.26, 10:00 уақыты: -------------------------------------------------------------
Облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала болып табылады және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуі тиіс.
Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің минималды көлемі 1 000 теңгені құрайды.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-05-22]