KZ
RU
EN
25 мамыр 2026, 05:50
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.05.2026 09:23 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының жеті шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 20.05.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде келесі облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003127 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK024_312; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 2 500 000 данасы;

2) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003119 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, DZK024_311; 1 000 теңге, 5 433 380 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 928 698 данасы;

3) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003093 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, JTK024_309; 1 000 теңге, 3 000 000 000 теңге; 30.04.26 – 30.04.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 1 323 629 данасы;

4) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002947 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK024_294; 1 000 теңге, 16 345 601 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 4 799 140 данасы;

5) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003135 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK024_313; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 3 645 327 данасы;

6) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002913 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 4 745 511 данасы;

7) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003028 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK024_302; 1 000 теңге, 3 726 835 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 2 126 835 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ securities

[2026-05-20]