Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18 мамырдан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00018112 (NCOMb13) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 18 мамырынан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00018112 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, NCOMb13; $100, $10,0 млн; 13.05.26 – 13.05.27; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстыралытынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-05-15]