KZ
RU
EN
12 мамыр 2026, 04:00
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2026 16:01 #Корпоративтік уақиғалар

"Еуразиялық банк" АҚ 2025 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 08.05.26/ – "Еуразиялық банк" АҚ (KASE тикері – EUBN) 2025 жылға қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды.

"КПМГ Аудит" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Еуразиялық банк" АҚ шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды аспектілерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес (ҚЕХС) сенімді түрде көрсетеді.

2025 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

----------------------------------------------------------------
                                          31.12.25     31.12.24 
Көрсеткіш                                     ж.б.          ж.б.
------------------------------------ ------------- -------------
Жарғылық капитал                        61 135 197    61 135 197
Меншікті капитал (капитал тапшылығы)   392 815 273   398 754 526
Жиынтық активтер                     2 986 361 793 3 123 337 591
Жиынтық міндеттемелер                2 593 546 520 2 724 583 065
Таза пайда (таза шығын)                 25 367 766    82 681 055
Жай акцияның баланстық құны, теңге       18 321,12     18 591,62
ROA, %                                        0,85          2,65
ROE, %                                        6,46         20,73
----------------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – толығырақ

[2026-05-08]