13 мамырда KASE-де "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-ның 200 000 дана KZ2P00016751 (CLSGb16) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 08.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 13 мамырда KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-ның KZ2P00016751 (KASE балама алаңы," "облигациялар" санаты, CLSGb16) облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін (Астана қ. уақытымен) хабарлайды.
----------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00016751
KASE сауда-саттық коды: CLSGb16
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 3 000 000 000
- орналастырылған: –
Айналыс басталған күн: облигацияларды орналастыру бойынша
бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек анықталады
Өтеу басталатын күн: кейінірек анықталады
Айналыс мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купондық мөлшерлеме: облигацияларды орналастыру бойынша
бірінші аяқталған сауда-саттық өткізу
қорытындысы бойынша анықталады
Купон төленетін кезең: жылына 4 рет
Купон төлеу басталатын күн: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30/360
----------------------------------------- ----------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн: 13.05.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 200 000 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: Купон мөлшерлемесі
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–14:00
Өтінім расталатын уақыт: 10:00–14:30
Кесім уақыты: 15:00 (Т+0)
Төлем жасалатын күн және уақыт: 13.05.26, 15:00
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесім бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бір баға бойынша бөліп жіктеу;
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Берілген кезегіне байланысты қарсы өтінімдерді қабылдау
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру уақыты бойынша
тәсілі:
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ
----------------------------------------------------------------------------------
Өтінім бағасы ретінде купон мөлшерлемесін үтірден кейінгі екінші ондық таңбаға дейін көрсетілген облигацияның номиналды құнының жылдық пайызын көрсету керек.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең немесе оған есе болуы керек.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.
Мәміле көлемі толығырақ сілтемесінде жарияланған Облигациялардың кірістілігі мен облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-05-08]