KZ
RU
EN
30 сәуір 2026, 01:16
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.04.2026 14:05 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ XS3366268384 (KZTGe2) халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

/KASE, 29.04.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ XS3366268384 (KZTGe2) халықаралық облигацияларын, төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) жазылу арқылы, бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылудың бастамашысы "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

--------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:              халықаралық облигациялар
ISIN:                                 XS3366268384            
KASE сауда-саттық коды:               KZTGe2                  
------------------------------------- ------------------------
Жазылым күні:                         29.04.26                
Бір облигацияның бағасы, АҚШ доллары: 1 000 000 000 дейін     
Сатып алуға өтінім түрі:              шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:          14:00                   
--------------------------------------------------------------

"QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ бірлескен букраннерлері Citigroup, Freedom Finance, Halyk Finance, J.P. Morgan, MUFG, Oman Investment Bank болып табылады.

Өтінімнің минималды көлемі номиналды құны бойынша 200 000 АҚШ доллары немесе номиналы бойынша 1 000 АҚШ долларының еселенген көлемнен үлкен көлем.

Жылдық пайызбен көрсетілген өтеуге кірістілік белгіленеді ("Сілтеме" жолағында). Баға ретінде өтінімде 100 мәні көрсетіледі (тек техникалық мақсаттар үшін). Нарықтық өтінімдер берілген жағдайда баға ретінде "контрагенттің бағасы бойынша" көрсетіледі.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;

3) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған жеке тұлғаның азаматтығы немесе мемлекет.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-29]