KZ
RU
EN
1 мамыр 2026, 02:07
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.04.2026 18:43 #Қаржы құралдары

28 сәуірден бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының бес шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 28.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 28 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003051 (KGK120_305; 1 000 теңге, 2 500 000 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360);

2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003069 (KGK084_306; 1 000 теңге, 1 125 000 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360);

3) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003077 (KGK120_307; 1 000 теңге, 375 000 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360);

4) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003085 (KGK084_308; 1 000 теңге, 7 500 000 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360);

5) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003093 (JTK024_309; 1 000 теңге, 3 000 000 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360).

Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының облигациялары ағынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының облигациялары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-28]