10 сәуірден бастап Астана қаласының жергілікті атқарушы органы облигацияларының төрт шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 10.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 10 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына Астана қаласының жергілікті атқарушы органының мынадай облигациялары енгізілді:
1) KZZJ00000177 (ASK022_017; 1 000 теңге, 15 000 000 000 теңге; 22 ай; жартыжылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360);
2) KZZJ00000185 (ASK013_018; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 13 ай; жартыжылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360);
3) KZZJ00000193 (ASK120_019; 1 000 теңге, 618 390 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 19,15%; 30/360);
4) KZZJ00000201 (ASK060_020; 1 000 теңге, 1 855 172 000 теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 19,15%; 30/360).
Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру, сондай-ақ сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу) мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-10]