KZ
8 сәуір 2026, 02:45
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.04.2026 12:05 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 07.04.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Батыс-қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мынадай облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003036 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK084_303; 1 000 теңге, 3 063 004 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 19,15 %; 30/360) 3 063 004 данасы;

2) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003044 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK120_304; 1 000 теңге, 1 021 000 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, 19,15 % годовых; 30/360) 1 021 000 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ securities

[2026-04-07]