KZ
4 сәуір 2026, 07:10
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2026 14:44 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. ұсынған наурыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады

/KASE, 03.04.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың наурыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген:

"Наурыз айында Қазақстанның қызмет көрсету саласы бірқалыпты қалпына келу қарқынын көрсетті: іскерлік белсенділік индексі ақпандағы 48,0 көрсеткіштен 49,2 тармаққа дейін көтеріліп, бейтарап деңгейге жақындады. Сектор шығындардың өсуі мен баяу сұраныстың бірлескен қысымына бейімделуде. Ресурстар бағасының өсу қарқынының 2025 жылдың соңындағы деңгейлерге дейін бәсеңдеуі және жаңа тапсырыстардың қайта өсімге өткені оң сигнал болды. Бұл ретте, шектеулі сұраныс соңғы айлардағы тұтынушылық кредит беру қарқынының төмендеуін көрсететін ресми статистикалық мәліметтермен сәйкес келеді. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібіндегі құлдырау аясында қызмет көрсету саласы бірінші тоқсанда экономиканың тұрақтандырушы факторы ретінде сақталуда. Алдағы жылға арналған іскерлік күтімдер байсалды оптимизм аясында жақсарып келеді, бірақ әлі де ұзақ мерзімді орташа деңгейден төмен".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-04-03]