KZ
19 наурыз 2026, 02:26
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.03.2026 17:04 #Қаржы құралдары

18 наурыздан бастап "KMF Банк" АҚ KZ2C00017010 (MFKMb9) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 18.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 18 наурызында "KMF Банк" АҚ (Алматы) KZ2C00017010 (MFKMb9; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады – шығару сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + жылдық 3,00 % дейін; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 18 наурызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 02 желтоқсанында 25,0 млрд теңге сомасына тіркелген "KMF Банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-03-18]