KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЛИСТИНГІЛІК КОМПАНИЯЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
/KASE, 13.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 13 наурызында 2025 жылдың қорытындысы бойынша жыл сайынғы листингілік компанияларды марапаттау рәсімін өткізді.
"Эмиссиялық белсенділігі үшін" номинациясының жеңімпаздары "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ болды.
"ESG облигациялары нарығының көшбасшысы" номинациясы бойынша "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ марапатталды.
"Ашықтыққа ұмтылғаны үшін" номинациясында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ, "ForteBank" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ, "Кселл" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "Teniz Capital Investment Banking" АҚ және "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС марапатталды
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Листингілік компанияларды жыл сайынғы көтермелеу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Өткен жылдардағы номинациялардың дипломанттары туралы ақпаратпен KASE интернет-ресурсында танысуға болады – толығырақ
[2026-03-13]