KZ
15 наурыз 2026, 02:38
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2026 15:11 #Корпоративтік уақиғалар

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "KMF Банк" АҚ облигацияларын жоспарлы орналастыру туралы хабарлайды

/KASE, 13.03.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылдың 19 наурызында, Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңшасында, жылдық 21% бекітілген кірістілікпен "KMF Банк" АҚ-ның жалпы көлемі 5 млрд теңге үш жылдық облигациялары бойынша мамандандырылған сауда-саттық жоспарлануда.

Teniz Capital Investment Banking орналастырудың ұйымдастырушысы ретінде болады. Өтінімдерді қабылдау Tabys Pro инвестициялық қосымшасы арқылы қолжетімді болады.

Облигацияның атаулы құны 1 000 теңгені құрайды, купон тоқсан сайын төленеді, айналу мерзімі – 3 жыл (2026 жылғы 19 наурыз – 2029 жылғы 19 наурыз). Банктің кредиттік рейтингі – B+ / Stable (Fitch).

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-03-13]