KZ
14 наурыз 2026, 13:51
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.03.2026 15:33 #Қаржы құралдары

11 наурыздан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС облигацияларының төрт шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 11.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 10 наурызында "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің келесі облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар"санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00017387 (MFSLb14; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360);

2) KZ2P00017395 (MFSLb15; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 % ;30/360);

3) KZ2P00017379 (MFSLb16; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);

4) KZ2P00017403 (MFSLb17; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3,0 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 11 наурызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 19 шілдесінде 100,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Сейф–Ломбард" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде сегізінші-он бірінші болып табылады.

"Сейф-Ломбард" ЖШС қаржылық кеңесшісі - "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-03-11]