05 наурыз күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 50,0 млн KZ2C00015485 (BTRKb29) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі
/KASE, 03.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00015485 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар", BTRKb29) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.
--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00015485
KASE сауда-саттық коды: BTRKb29
Номиналды құны, теңге: 1 000
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 50 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Өтінім беру мерзімі: 370 күн
Купон мөлшерлемесі: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықтың нәтижелері
бойынша анықталады
Купондарды төлеу мерзімділігі: айналым мерзімі ішінде 2 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні: 05.03.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 50 000 000 000
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:30
Кесімдеу уақыты: 13:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 05.03.26, 13:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Alatau City Invest" АҚ, "Halyk
Finance" АҚ
--------------------------------------------------------------------------
"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның бірлескен қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері "Alatau City Invest" АҚ және "Halyk Finance" АҚ болып табылады.
Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.
облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-03]