29 желтоқсаннан бастап Citigroup Global Markets Holdings Inc. компаниясының XS3125030695 (CITI_KZe2) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 29.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен Citigroup Global Markets Holdings Inc. компаниясының XS3125030695 (CITI_KZe2; $30,0 млн, 28.10.25 – 28.10.26; купон айналыс мерзімінің соңында 1 рет төленеді, SOFR + 0,42 %; actual/360) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Көрсетілген облигациялар Citigroup Inc кепілдігімен облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигацияларының (ISIN – XS3093655341) кредиттік тәуекеліне байланыстырылған Credit Linked Notes болып табылады. Кредиттік оқиға болмаған кезде эмитент пайыз бен номиналды төлейді, ал ол басталған жағдайда міндеттемелерді орындау инвесторға референттік міндеттемені (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын) беру арқылы жүзеге асырылады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасау ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Көрсетілген облигацияларды айналымға шығарудың бастамашысы – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan).
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-12-29]