KZ
25 желтоқсан 2025, 22:14
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.12.2025 17:40 #Сауда-саттық ақпараты

29 желтоқсанда KASE-де "Terrox Metals" АҚ-тың 40 000 дана KZ1C00015502 (TRRX) жай акциясын сату бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 25.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 29 желтоқсанда KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Terrox Metals" АҚ-тың KZ1C00015502 (KASE негізгі алаңы, "акциялар" санаты, TRRX) облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін (Астана қ. уақытымен) хабарлайды.

-----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                       жай акция                     
ISIN:                                    KZ1C00015502                  
KASE сауда-саттық коды:                  TRRX                          
Акциялардың жалпы саны, дана:                                          
– жарияланған:                           196 600                       
- орналастырылған:                       196 600                       
---------------------------------------- ------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:            29.12.25                      
Жарияланған сату көлемі, дана:           40 000                        
Лот мөлшері, дана:                       1                             
Сауда-саттық  мәні:                      акцияның бағасы               
Сатып алуға берілген өтінім түрі:        шектелімді                    
Өтінім беру тәсілі:                      жабық                         
Өтінім қабылданатын уақыт:               10:00–12:00                   
Өтінім расталатын уақыт:                 10:00–12:00                   
Кесім уақыты:                            14:30 (Т+0)                   
Есеп айырысу жүргізілетін күн мен уақыт: 29.12.25, 14:30               
Өтінімдерді кесу әдісі:                  бағалары кесім бағасына тең   
                                         өтінімдер кесімделеді         
Өтінімдердің бағасына байланысты         қарсы шектелімді өтінімдердің 
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру    бағасы бойынша                
тәсілі:                                                                
Берілген кезегіне байланысты             қарсы өтінімдерді қабылдау    
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру    уақыты бойынша                
тәсілі:                                                                
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:    "Банк ЦентрКредит" АҚ         
                                         еншілес ұйымы – BCC Invest" АҚ
-----------------------------------------------------------------------

Өтінімдегі баға ретінде үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен теңгемен көрсетілген бір акцияның құны көрсетілуге тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде лот мөлшеріне тең немесе оған есе акциялардың саны көрсетілуі керек.

Өтінім көлемі өтінімде көрсетілген акциялар саны мен өтінім бағасының көбейтіндісіне тең және үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен теңгемен көрсетіледі.

Мәміле көлемі өтінімде көрсетілген акциялар саны мен өтінім бағасының көбейтіндісіне тең және үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен теңгемен көрсетіледі.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Осы акциялар шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-12-25]