KZ
26 желтоқсан 2025, 06:54
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.12.2025 10:53 #Сауда-саттық ақпараты

26 желтоқсанда KASE-де "Лизинг Групп" АҚ-тың 300 дана KZ2C00016632 облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 25.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 26 желтоқсанда KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Лизинг Групп" АҚ-тың KZ2C00016632 облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін (Астана қ. уақытымен) хабарлайды.

Мамандандырылған сауда-саттық тек осы көрсетілген облигациялар KASE- нің ресми тізіміне енгізілген жағдайда жүргізіледі.

----------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                              купондық облигациялар                   
ISIN:                                           KZ2C00016632                            
KASE сауда-саттық коды:                         кейінірек беріледі                      
Номиналды құны, АҚШ доллары:                    1 000,00                                
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:                                                          
- тіркелген:                                    5 000 000                               
- орналастырылған:                              –                                       
Айналыс басталған күн:                          облигацияларды орналастыру бойынша      
                                                бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн:                    кейінірек анықталады                    
Өтеу басталатын күн:                            кейінірек анықталады                    
Айналыс мерзімі:                                180 күн                                 
Купондық мөлшерлеме:                            облигацияларды орналастыру бойынша      
                                                бірінші аяқталған сауда-саттық өткізу   
                                                қорытындысы бойынша анықталады          
Купон төленетін кезең:                          ай сайын                                
Купон төлеу басталатын күн:                     кейінірек анықталады                    
Уақыттық базасы:                                30/360                                  
----------------------------------------------- ----------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:                   26.12.25                                
Орналастырудың жарияланған көлемі, АҚШ доллары: 300 000                                 
Лот мөлшері, дана:                              1                                       
Сауда-саттық  мәні:                             Купон мөлшерлемесі                      
Сатып алуға берілген өтінім түрі:               шектелімді                              
Өтінім беру тәсілі:                             жабық                                   
Өтінім қабылданатын уақыт:                      09:30–11:00                             
Өтінім расталатын уақыт:                        09:30–11:30                             
Кесім уақыты:                                   12:30 (Т+0)                             
Төлем жасалатын күн және уақыт:                 26.12.25, 12:30                         
Өтінімдерді кесу әдісі:                         бағалары кесім бағасына тең             
                                                немесе одан төмен өтінімдер             
                                                кесімделеді                             
Өтінімдердің бағасына байланысты                бір баға бойынша бөліп жіктеу;          
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру                                                   
тәсілі:                                                                                 
Берілген кезегіне байланысты                    қарсы өтінімдерді қабылдау              
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру           уақыты бойынша                          
тәсілі:                                                                                 
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:           "Tengri Partners Investment             
                                                Banking (Kazakhstan)" АҚ                
----------------------------------------------------------------------------------------

Өтінім бағасы ретінде купон мөлшерлемесін үтірден кейінгі екінші белгіге дейін көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен көрсету керек.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең немесе оған есе болуы керек.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

Мәміле көлемі толығырақ сілтемесінде жарияланған Облигациялардың кірістілігі мен облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-12-25]