KZ
25 желтоқсан 2025, 12:06
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.12.2025 18:24 #Сауда-саттық ақпараты

25 желтоқсанда KASE-де "СМК ФФ-2" Арнайы қаржы компаниясы" ЖШС-ның KZ2P00015043 (SMKFb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі

/KASE, 24.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 25 желтоқсанда KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "СМК ФФ-2" Арнайы қаржы компаниясы" ЖШС-ның KZ2P00015043 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SMKFb1) облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.

Осы облигацияларға жазылу жүргізудің бастамашысы – Freedom Finance Global PLC.

-----------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар    
ISIN:                                   KZ2P00015043             
KASE сауда-саттық коды:                 SMKFb1                   
Номиналды құны, теңге:                  1 000                    
Шығарылым көлемі, теңге:                                         
- тіркелген:                            7 000 000 000            
- орналастырылған (номиналы бойынша):   3 822 952 000            
Айналыс басталған күн:                  24.12.25                 
Айналыста болатын соңғы күн:            23.09.36                 
Өтеу басталатын күн:                    24.09.36                 
Айналыс мерзімі:                        5 жыл 9 ай (2 070 күн)   
Купондық мөлшерлеме:                    жылдық 20,00%            
Купон төленетін кезең:                  ай сайын                 
Купон төлеу басталатын күн:             Әр айдың 24 күні         
Уақыттық базасы:                        30 / 360                 
--------------------------------------- -------------------------
Жазылу жүргізілетін күн:                25.12.25                 
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 3 177 048 000            
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       Лимиттелген және нарықтық
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–15:30              
Бір облигацияның бағасы, теңгемен:      1 000                    
Мәміле жасалған күн мен уақыт:          25.12.25, 16:00          
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 25.12.25, 16:00          
-----------------------------------------------------------------

Осы жазылым жүргізу шарттарына сәйкес, аталған облигацияларды сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне төмендегі кіреді:

1) жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;

3) жеке адамның азаматтығы немесе заңды тұлға ретінде тіркеу жүргізілген мемлекет;

4) жеке адамның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган).

Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.

Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-12-24]