Бүгін KASE-де "СМК ФФ-2" Арнайы қаржы компаниясы" ЖШС-ның KZ2P00015043 (SMKFb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 24.10.25/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде "СМК ФФ-2" Арнайы қаржы компаниясы" ЖШС-ның KZ2P00015043 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SMKFb1) облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Осы облигацияларға жазылу жүргізудің бастамашысы – Freedom Finance Global PLC.
--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: қамтамасыз етілген купондық
амортизациялық облигациялар
ISIN: KZ2P00015043
KASE сауда-саттық коды: SMKFb1
Номиналды құны, теңге: 1 000
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 7 000 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): –
Айналыс басталған күн: облигацияларды орналастыру бойынша
бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек анықталады
Өтеу басталатын күн: кейінірек анықталады
Айналыс мерзімі: 5 жыл 9 ай (2 070 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 20,00%
Купон төленетін кезең: ай сайын
Купон төлеу басталатын күн: кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------- ----------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 24.12.25
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 7 000 000 000
Сатып алуға берілген өтінім түрі: Лимиттелген және нарықтық
Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–15:30
Бір облигацияның бағасы, теңгемен: 1 000
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 24.12.25, 16:00
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 24.12.25, 16:00
--------------------------------------------------------------------------------
Осы жазылым жүргізу шарттарына сәйкес, аталған облигацияларды сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне төмендегі кіреді:
1) жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
3) жеке адамның азаматтығы немесе заңды тұлға ретінде тіркеу жүргізілген мемлекет;
4) жеке адамның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган).
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-12-24]