KZ
29 желтоқсан 2025, 09:20
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.12.2025 18:37 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ акционерлік капитал құрылымындағы өзгерістер туралы хабарлайды

/KASE, 19.12.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы ("Компания" және өзінің еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге – "Топ") акционерлер құрылымындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

17 желтоқсанда BAE Systems компаниясы 9 000 000 жаһандық депозитарлық қолхатты (ЖДҚ) сатуды сәтті аяқтады, бұл Компанияның шығарылған жарғылық капиталының 10,1%-на тең. Мәміле нәтижесінде BAE Systems 6 109 982 ЖДҚ сақтап қалды және Компанияның негізгі акционерлерінің бірі болып қала береді.

Осы мәміленің нәтижесінде сатылған ЖДҚ еркін айналымға өтті және қазіргі уақытта нарықтық инвесторлардың кең ауқымы арасында бөлінді. Сату нәтижесінде бірде-бір жаңа акционер Компаниядағы бақылаушы немесе қомақты үлесті сатып алған жоқ.

Тиісінше, Компанияның еркін айналымдағы акцияларының үлесі ұлғайды, ал листингтің жалпы құрылымы өзгеріссіз қалды – Компанияның бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында айналымын жалғастыруда.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-19]