KZ
17 желтоқсан 2025, 17:48
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.12.2025 13:56 #Сауда-саттық ақпараты

18 желтоқсанда KASE-де "Garanti Leasing" ЖШС-ның KZ2P00016264 (GLLKb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі

/KASE, 17.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 18 желтоқсанда KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Garanti Leasing" ЖШС-ның KZ2P00016264 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, GLLKb1) облигацияларына төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Alatau City Invest" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады.

--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар                   
ISIN:                                   KZ2P00016264                            
KASE сауда-саттық коды:                 GLLKb1                                  
Номиналды құны, теңге:                  1 000,00                                
Шығарылым көлемі, теңге:                                                        
- тіркелген:                            500 000 000                             
- орналастырылған (номиналы бойынша):   –                                       
Айналыс басталған күн:                  облигацияларды орналастыру бойынша      
                                        бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн:            кейінірек анықталады                    
Өтеу басталатын күн:                    кейінірек анықталады                    
Айналыс мерзімі:                        360 күн                                 
Купондық мөлшерлеме:                    облигацияларды орналастыру бойынша      
                                        бірінші аяқталған сауда-саттық өткізу   
                                        қорытындысы бойынша анықталады          
Купон төленетін кезең:                  ай сайын                                
Купон төлеу басталатын күн:             кейінірек анықталады                    
Уақыттық базасы:                        30 / 360                                
--------------------------------------- ----------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн:                18.12.25                                
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 130 000 000                             
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       шектелімді                              
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–15:00                             
Бір облигацияның бағасы, теңгемен:      1 000                                   
Мәміле жасалған күн мен уақыт:          18.12.25, 16:00                         
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 18.12.25, 16:00                         
--------------------------------------------------------------------------------

Осы жазылым жүргізу шарттарына сәйкес, аталған облигацияларды сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне төмендегі кіреді:

1) жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің “қор” санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Есеп айырысуды “Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі” АҚ жүргізеді.

Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-12-17]