KZ
7 желтоқсан 2025, 23:10
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.12.2025 16:55 #Қаржы құралдары

05 желтоқсаннан бастап "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00016322 (CLSGb9) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 05.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 04 желтоқсанында "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00016322 (CLSGb9; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 05 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 26 қарашасында "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің 50,0 млрд теңге сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-12-05]