"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2025 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерін хабарлады
/KASE, 24.11.25/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2024 жылғы 24 қараша
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдағы 34 "Аралық қаржылық есептілік" халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялады.
2024 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2025 жылдың тоғыз айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер*:
- Түсім 6 349 млрд теңгемен (13 838 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 7 058 млрд теңгені (13 565 млн АҚШ доллары) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 1 611 млрд теңгемен (3 510 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 800 млрд теңгені (3 459 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы 867 млрд теңгемен (1 890 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 978 млрд теңгені (1 880 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда** 1 018 млрд теңгемен (2 220 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 181 млрд теңгені (2 270 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бос ақша ағымы 1 012 млрд теңгемен (2 207 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 095 млрд теңгені (2 104 млн АҚШ доллары) құрады;
- Жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылғы 30 қыркүйекте 4 126 млрд теңгені (7 515 млн АҚШ долларын) құрады;
- Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) көрсеткішімен салыстырғанда 2025 жылғы 30 қыркүйекте 496 млрд теңгені (904 млн АҚШ долларын) құрады.
* Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2024 және 2025 жылдардың 9 айындағы орташа бағамдар сәйкесінше 520,29 және 458,79 теңге/АҚШ долл. құрайды; кезең соңындағы бағамдар – 2025 жылғы 30 қыркүйекте және 2024 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 549,06 және 525,11 теңге/АҚШ долл. құрайды).
** Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-11-24]