"Эйр Астана" АҚ 2025 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған үшінші тоқсан мен тоғыз айдың нәтижелерін хабарлады
/KASE, 11.11.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
11 қараша 2025 жыл
"Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі – "Компания" және өзінің FlyArystan еншілес компаниясымен бірге "Топ"), түсім көлемі мен әуе кемелері паркінің мөлшері бойынша Орталық Азия мен Кавказдағы жетекші әуе компаниясы 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үшінші тоқсанның және тоғыз айдың нәтижелерін жариялайды.
Тоғыз айдың негізгі көрсеткіштері
Түсім мен тасымалдау сыйымдылығының жоғары өсуі бар тұрақты көрсеткіштер; тасымалдау сыйымдылығын серпінді бөлу және кірістілікті басқару есебінен EBITDAR көрсеткішін жақсарт.
- Жалпы түсім мен басқа кіріс 10,1%-ға өсіп, 1 096,8 млн АҚШ долларын құрады (2024 ж. 9 ай: 996,5 млн АҚШ доллары).
- EBITDAR 3.5%-ға өсіп, 262,2 млн АҚШ долларына жетті (2024 ж. 9 ай: 252,3 млн АҚШ доллары). EBITDAR маржасы 1.5 пайыздық тармаққа азайып, 23,9% болды (2024 ж. 9 ай: 25,4%).
- Таза пайда 39.8%-ға азайып, 31,2 млн АҚШ долларын құрады (2024 ж. 9 ай: 51,9 млн АҚШ доллары).
- ASK 16.8%-ға өсіп, 17,1 млрд құрады (2024 ж. 9 ай: 14,6 млрд).
- RPK 15,4%-ға өсіп, 14,2 млрд-қа жетті (2024 ж. 9 ай: 12,3 млрд).
- Тасымалдау сыйымдылығын икемді басқару және операциялық тиімділікті арттыру арқылы пайдаланудың қиын жағдайында RASK және CASK арасындағы айырмашылықты қысқарту.
- RASK 5,7%-ға төмендеп, 6,43 АҚШ центiн құрады (2024 ж. 9 ай: 6,82 АҚШ центi).
- CASK 3,0%-ға төмендеп, 5,90 АҚШ центiн құрады (2024 ж. 9 ай: 6,08 АҚШ центi).
- Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 10,5%-ға өсіп, 7,5 млн- ға жетті (2024 ж. 9 ай: 6,8 млн), ал орташа жүктеме коэффициенті 83,0% тұрақты деңгейінде сақталды (2024 ж. 9 ай: 84,0%).
- Есепті кезең аяқталғаннан кейін Топтың әуе кемелері флоты бір A321neo ұшағының жеткізілуі есебінен 62 әуе кемесіне дейін өсті.
дәйексөздің басы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-11-11]