KZ
31 қазан 2025, 02:10
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.10.2025 17:54 #Қаржы құралдары

29 қазаннан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 29.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 29 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002830 (ABK120_283; 1 000 теңге, 8 499 384 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 18,90 %; 30/360);

2) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002863 (ZKK120_286; 1 000 теңге, 1 750 289 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 20,20 %; 30/360);

3) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002855 (KGK120_285; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 20,20 %; 30/360).

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілеріндегі тұрғын үйлерді және (немесе) пәтерлерді салуды және (немесе) сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру, сарқынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу) мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-10-29]