KZ
29 қазан 2025, 14:54
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.10.2025 10:10 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін жергілікті атқарушы органдар облигацияларының алты шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 29.10.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде келесі облигагацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді:

1) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002202 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ATK024_220; 1 000 теңге, 3 326 136 000 теңге; 30.06.25 – 30.06.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 826 136 данасы;

2) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002186 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK024_218; 1 000 теңге, 6 861 546 000 теңге; 27.05.25 – 27.05.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1 207 940 данасы;

3) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002137 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, DZK024_213; 1 000 теңге, 11 846 608 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %, 30/360) 3 801 514 данасы;

4) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002228 (сектор "государственные ценные бумаги", ZKK024_222; 1 000 теңге, 2 759 318 000 теңге; 16.07.25 – 16.07.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1 255 533 данасы;

5) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_211; 1 000 теңге, 11 335 671 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2 654 129 данасы;

6) Шымкент облысының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000184 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SHK022_018; 1 000 теңге, 4 905 365 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 4 905 365 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ securities

[2025-10-29]