21 қазаннан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 22.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 21 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:
1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002780 (ZKK022_278; 1 000 теңге, 1 771 535 000 теңге; 1 жыл 10 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360);
2) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002798 (SKK022_279; 1 000 теңге, 1 000 000 000 теңге; 1 жыл 10 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360).
Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-10-22]