KZ
18 қыркүйек 2025, 12:34
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.09.2025 11:07 #Сауда-саттық ақпараты

11 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында "Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС 300 000 KZ2P00014673 (MRDNb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 09.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС (Алматы) KZ2C00012029 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MRDNb1) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигации               
ISIN:                                     KZ2P00014673                     
KASE сауда-саттық коды:                   MRDNb1                           
Номиналды құны, теңге:                    10,00                            
Шығарылым көлемі, теңге:                                                   
– тіркелген:                              10 000 000                       
– орналастырылған:                        –                                
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру       
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан     
                                          сауда-саттықты өткізу күні       
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады             
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады             
Өтінім беру мерзімі:                      2 жыл (720 күн)                  
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру       
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан     
                                          сауда-саттықтың нәтижелері       
                                          бойынша анықталады               
Купондарды төлеу мерзімділігі:            ай сайын                         
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады             
Уақыттық база:                            30 / 360                         
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        11.09.25                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 3 000 000                        
Лот мөлшері, дана.:                       1                                
Сауда-саттық заты:                        "таза" баға                      
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–16:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–16:30                      
Кесімдеу уақыты:                          17:00 (Т+0)                      
Төлем күні мен уақыты:                    11.09.25, 17:00                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                          немесе одан жоғары өтінімдер     
                                          кесімделеді                      
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе     
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
                                          табылатын, шектелімді қарсылама  
                                          өтінімдердің бағалары бойынша    
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау   
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Alatau City Invest" АҚ          
---------------------------------------------------------------------------

Андеррайтер – "Alatau City Invest" АҚ.

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен көрсетілген купон мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-09-09]